ЖОБА
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын
іске асыру бойынша 2025-2026 оқу жылына арналған
Ақмола облысы бойынша жылдық
жоспары
Жоспар негізі: 2025–2026 оқу жылынан бастап бұл бағдарлама «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы (ҚР Оқу-ағарту министрі бұйрығы 26.05.2025ж. №123) (бұдан әрі – Бағдарлама) деп аталатын болады. Бағдарлама бұған дейін іске асырылған бастаманың толыққанды жалғасы болып табылады.
Бағдарлама мақсаты – «Адал азамат» тұжырымдамасының идеалдарына сай, патриоттық рухта тәрбиеленген, білімді әрі жасампаз ұрпақты қалыптастыру.
Жаңа оқу жылында негізгі 6 құндылық бойынша тәрбие бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табады:
тәуелсіздік және отаншылдық;
бірлік және ынтымақ;
әділдік және жауапкершілік;
заң және тәртіп;
еңбекқорлық және кәсіби біліктілік;
жасампаздық және жаңашылдық.
Бағдарлама мазмұнына сәйкес ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:
• Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
• Қазан – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
• Қараша – әділдік және жауапкершілік айы;
• Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;
• Қаңтар – заң және тәртіп айы;
• Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;
• Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
• Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
• Мамыр – бірлік және ынтымақ айы. 2024-2025 оқу жылының талдамалық анализінің қорытынды негізінде жаңа оқу жылында Бағдарлама аясында ұсынылған 6 әлеуметтік жобалары және алдын алу шаралары бойынша жұмыстарды күшейту ұсынылады.
Жүзеге асырылуға ұсынылған жобалар:
«Қамқор» – әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу.
«Еңбегі адал – жас өрен» – білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
«Шабыт» – білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу.
«Ұшқыр ой алаңы» – тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу.
«Smart bala» – инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
«Балалар кітапханасы» – кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру.
Құндылықтарды қалыптастырудағы жүйелі және кешенді жұмыс оқу-тәрбие процесінде күн сайын және апта сайын іске асырылатын іс-шараларды қамтиды:
Күнделікті:
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.
«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.
«Үнемді тұтыну» – жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар арқылы суды, тамақты, энергияны және табиғи ресурстарды үнемді тұтынуды және іс-әрекет барысында табиғи ресурстарға (су, энергия және т.б.) ұқыпты қарауды қалыптастыру.
«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде арнайы күй тыңдату. Апта сайын: «Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.
Аптаның дәйексөздері – бүкіл ұйымның сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, халық даналығы, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері.
Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, тақталарда және т.б. орналастырылады.
«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру, әңгіме өткізу.
Апта сайын сынып сағаттарын өткізу шеңберінде білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс іске асырылады.
Сынып сағаттарының мазмұнына келесі алдын алу шаралары біріктіріледі:
Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам;
Буллингтен қорған!
Ойынға салауатты көзқарас;
Өмірге салауатты қадам;
Қоғамдық мүлікті қорға!
|
№ |
Іс-шара атауы |
Аяқталу нысаны |
Жауаптылар |
Орындалу мерзімі |
|
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР |
||||
|
1 |
Аудандық қалалық білім бөлімінің тәрбие әдіскерлері, мектеп директорлары мен директорлардың тәрбие орынбасарларына арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылыққа негізделген тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру тетіктері» атты оқыту семинары. 2025-2026 оқу жылының НҚА (нормативтік құқықтық актілер), тәрбие жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстыру |
Түсіндіру семинары, бағдарлама, хаттама. Хат арқылы облыстық, аудандық\қалалық, мектепішілік жылдық тәрбие жоспары мен сынып жетекшілердің жылдық жоспарымен таныстыру |
Облыстық әдістемелік орталығының тәрбие бөлімі әдіскерлері, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының тренерлері |
Тамыз, жыл бойы (қажетінше) |
|
2 |
Аудандық/қалалық әдістемелік кабинет әдіскерлері, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, сынып жетекшілер және кәсіби бағдар беру педагогтері туралы дерекқор жинау (сапалық құрамы). |
Гугл таблица, диаграмма
|
Облыстық әдістемелік орталығының тәрбие бөлімі әдіскерлері |
Тамыз- қыркүйек, жыл бойы (қажетінше) |
|
3 |
Педагогикалық кеңес отырысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жаңа мазмұны, іске асыру тетіктері, әлеуметтік жобалар, пәнге кіріктіру алгоритмімен таныстыру. |
Педагогикалық кеңес, хаттама |
Мектеп әкімшілігі, |
Тамыз отырысы, жыл бойы (қажетінше) |
|
4 |
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылыққа негізделген тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру тетіктері» атты педагогтерге арналған түсіндіру семинары |
Бағдарлама, хаттама, қатысушылар тізімі |
Аудандық\қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттердің тәрбие бөлімі әдіскерлері |
Қыркүйек |
|
5 |
Онлайн-кездесулер. (тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларына басқарушылық құзыреттілікті арттыру технологияларын жетілдіру, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, бақылау және басқару бағытында әдістемелік көмек көрсету) |
Бағдарлама, хаттама, әлеуметтік желілерге ақпарат |
Облыстық әдістемелік орталығының тәрбие бөлімі әдіскерлері |
Қазан |
|
6 |
Облыстық семинар «Оқу пәндерінің тәрбиелік мүмкіндіктері: әдістеме, тәжірибе, нәтиже» |
Бағдарлама, хаттама, әлеуметтік желілерге ақпарат |
Облыстық әдістемелік орталығының тәрбие бөлімі әдіскерлері |
Қараша |
|
7 |
Онлайн вебинарлар сериясы «Сынып жетекшінің жаңа форматы: бағыт, болмыс, болашақ» (Сынып жетекшілер мен тәрбие орынбасарларына арналады) |
Бағдарлама, хаттама, әлеуметтік желілерге ақпарат |
Облыстық әдістемелік орталығының тәрбие бөлімі әдіскерлері |
Желтоқсан |
|
8 |
Онлайн вебинарлар сериясы «Жаңа дәуір баласы: Бағыт бар ма?» (жаһандану, медиа және құндылық дағдарысы аясында бала тәрбиесі туралы) |
Бағдарлама, хаттама, әлеуметтік желілерге ақпарат |
Облыстық әдістемелік орталығының тәрбие бөлімі әдіскерлері |
Қаңтар |
|
9 |
Тәрбие саласы бойынша педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру курстарына қатысуын қамтамасыз ету |
сертификат, тізім |
Аудандық\қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері |
Жыл бойы |
|
10 |
Әр тоқсан сайын тәрбие жұмысы бойынша мониторинг жүргізу |
Мониторинг қорытындысы |
Аудандық\қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттердің тәрбие бөлімі әдіскерлері |
Тоқсан сайын |
|
11 |
Аудандық\қалалық үздік сыныптан тыс іс шаралар және сынып сағаттарының үздік әзірлемелерін жинақтау, білім беру ұйымдары педагогтерінің облыстық «Үздік сынып сағатының әзірлемесі», «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы жүйесінің панорамасы» атты байқауларына қатысуын қамтамасыз ету. |
Жинақ, хаттама, сертификат |
Облыстық әдістемелік орталығының тәрбие бөлімі әдіскерлері, аудандық\қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттердің тәрбие бөлімі әдіскерлері |
Жыл бойы |
|
12 |
Білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы бойынша есептері, талдаулары |
Есеп, аналитикалық анықтама |
Білім беру ұйымдары |
Жылына 2 рет (қаңтар, мамыр) |
|
13 |
Тәрбие жұмысы бойынша ата-аналарға арналған әдістемелік ұсыным әзірлеу |
Әдістемелік нұсқаулар, жадынама |
аудандық\қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттердің тәрбие бөлімі әдіскерлері |
Жыл бойы |
|
14 |
Тәрбие бағыты бойынша білім беру ұйымдарының сайттарында тұрақты ақпарат жариялау |
Мақала, фотобаян, т.б. |
Білім беру ұйымдары |
Жыл бойы |
|
15 |
Жас сынып жетекшілер мен аға тәлімгерлерге, тәрбие орынбасарларына тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік көмек көрсету |
Семинар, вебинар, коуч, тәжірибе алаңдары (бағдарламасы, тізім, хаттама) |
аудандық\қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттердің тәрбие бөлімі әдіскерлері |
Жыл бойы |
|
16 |
Тәрбие орынбасарлары мен сынып жетекшілерге арналған «Облыстық тәрбие орынбасарлары» Telegram арнасында әдістемелік көмек, тәжірибе алмасу |
Ақпарат, жадынамалар т.б. |
Облыстық әдістемелік орталығының тәрбие бөлімі әдіскерлері, аудандық\қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттердің тәрбие бөлімі әдіскерлері |
Жыл бойы |
|
17 |
«aqmola.oblysy.adal_azamat» инстаграм әлеуметтік желісінде облыстың білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысының жүру барысын көрсету |
Кесте, ақпарат |
аудандық\қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттердің тәрбие бөлімі әдіскерлері |
Жыл бойы |
|
18 |
«Қамқор» жобасы аясында «Жас Ұрпақ» балалар қозғалысы
|
Мүшелікке қабылдау, «Заң мен тәртіп» форумы, жазғы сауықтыру орталығына жолдама |
Қозғалысқа қатысушы пилоттық мектептер: Көкшетау қаласындағы №11 мектеп-гимназия, №14 жалпы білім беретін мектеп, №17 мектеп-гимназия, №21 мектеп-лицей. ББ, прокуратура, полиция департамент36 3шк3 3стер саясаты |
Жыл бойы |
|
19 |
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Ізгі істер автобусы» еріктілер қозғалысы |
Акциялар т.б. (өңірлік «Балаларға күлкі сыйлайық», «Ізгі істер автобусы», «Волонтер болу – оңай» акциялары) |
Білім беру ұйымдары, ТЖКБ |
Жыл бойы |
|
20 |
«Қамқор» жобасы аясында «Феникс» волонтерлық қозғалысы
|
Акциялар т.б. (өңірлік «Балаларға күлкі сыйлайық», «Ізгі істер автобусы», «Волонтер болу – оңай» акциялары) |
Көкшетау қаласының 15 мектебі |
Жыл бойы |
|
21 |
Қамқор жобасы аясында «Сезім» жастар клубы |
Жоспар, іс шаралар, психологиялық қолдау |
Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы, Ақмола облысының жастар орталығы |
Жыл бойы |
|
Іске асыру тетіктері: тәрбиенің басым бағыттары бойынша іс-шаралар |
||||
|
ҚЫРКҮЙЕК – ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК АЙЫ 1 қыркүйек – «Білім күні» 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні Қыркүйектің үшінші жексенбісі – Аналар күні Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы. 2025 жылғы 26 мамырындағы № 123 бұйрығы
5. Бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие |
||||
|
1 |
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»: үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру |
Асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б. спорттық ойындарының видероликтерін әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі |
Күнделікті |
|
2 |
«Өнегелі 15 минут» |
Ата-ана мен баланың 15 минуттық жеке әңгімелесуі |
Тәрбие ісінің орынбасары, ата-аналар |
Күнделікті |
|
3 |
«Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру (1-4, 5-7 сынып оқушылары) |
Жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу |
Тәрбие ісінің орынбасары, сынып жетекшілер |
Күнделікті |
|
4 |
«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану |
Үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау |
Мектеп әкімшілігі |
Күнделікті |
|
5 |
«Менің Қазақстаным» ҚР Әнұранын орындау |
Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау |
Тәрбие ісінің орынбасары, сынып жетекшілер |
Аптаның бірінші күні |
|
6 |
«Апта дәйексөздері» оқу және оқудан тыс іс-әрекеттің лейтмотиві |
Мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастырылу. |
Тәрбие ісінің орынбасары, оқу ісінің орынбасары, кітапханашы, пән мұғалімдері |
Апта сайын |
|
7 |
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Мамандық күні» – презентациялар, тренингтер, кездесулер сынып сағаттары, мамандықтар жәрмеңкелеріне, экскурсиялар мен көрмелерге қатысу (9-11 сынып оқушылары) |
Іс-шаралар жоспары, әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, педагог-профориентатор |
Айына бір рет |
|
8 |
Білім күні. Сынып сағаты «Мектеп – мейірім мекені!» (1,11 сыныптар). Қауіпсіздік сабағы (10 минут). Республикалық интервью-челлендж: «Жазғы демалыстың жарқын естеліктері» 2-4 сын; «Жаз - жаңа тәжірибе уақыты» 5-8 сынып; «Арманым мен мақсатым» 9-11 сынып; |
Салтанатты іс-шара /сынып сағаты\ республикалық интервью челленджі |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері |
1 апта |
|
9 |
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының аясында мектепішілік ата-аналар жиналысы, 1,5 сынып ата-аналарына арналған «Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» тақырыбында ата-аналар жиналысы |
Ата-аналар жиналысының хаттамасы, әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, сынып жетешілер |
2 апта |
|
10 |
Тілдер онкүндігі |
Қазақстан халқы тілдері күніне арналған жалпы мектепішілік іс-шаралар |
Гуманитарлық цикл пәндер мұғалімдері |
|
|
11 |
Балалар кітапханасы» жобасы аясында ұлы ақын, Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының туғанына 180 жыл |
Ашық сабақтар, сынып сағаттары, оқырман конфернциясы т.б. |
Кітапханашы, тіл мамандары |
|
|
12 |
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының аясында «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында челлендж өткізу (5-8 сыныптар) |
Әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие орынбасарлары, сынып жетешілері |
2 апта |
|
13 |
«Қамқор» жобасы аясында таза бейсенбіліктер, волонтерлық қозғалыстар, жасыл клубтар |
Әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие орынбасарлары, сынып жетешілер, ерікті ата аналар, оқушылар |
Ай бойы |
|
|
|
|
|
|
|
ҚАЗАН – ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН ОТАНШЫЛДЫҚ АЙЫ 1 қазан – Халықаралық қарттар күні 5 қазан – Мұғалімдер күні 24 қазан – Кітапханашылар күні 25 Қазан – Республика күні 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы. 1. Бағыты: қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие |
||||
|
1 |
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»: үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру |
Асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б. спорттық ойындарының видероликтерін әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі |
Күнделікті |
|
2 |
«Өнегелі 15 минут» |
Ата-ана мен баланың 15 минуттық жеке әңгімелесу |
Тәрбие ісінің орынбасары, ата-аналар |
Күнделікті |
|
3 |
«Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру (1-4, 5-7 сынып оқушылары) |
Жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу |
Тәрбие ісінің орынбасары, сынып жетекшілер |
Күнделікті |
|
4 |
«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану |
Үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау |
Мектеп әкімшілігі |
Күнделікті |
|
5 |
«Менің Қазақстаным» ҚР Әнұранын орындау |
Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау |
Тәрбие ісінің орынбасары, сынып жетекшілер |
Аптаның бірінші күні |
|
6 |
«Апта дәйексөздері» оқу және оқудан тыс іс-әрекеттің лейтмотиві |
Мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастыру |
Тәрбие ісінің орынбасары, оқу ісінің орынбасары, кітапханашы |
Апта сайын |
|
7 |
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Мамандық күні» – презентациялар, тренингтер, кездесулер сынып сағаттары, мамандықтар жәрмеңкелеріне, экскурсиялар мен көрмелерге қатысу (9-11 сынып оқушылары) |
Іс-шаралар жоспары, ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, педагог-профориентатор |
Айына бір рет |
|
8 |
«Қамқор» жобасы аясында «Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызметі (мектеп парламенті) Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
Жалпы мектептік волонтерлық акциясы |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер |
1 апта |
|
9 |
«Шабыт» жобасы аясында «Даналық ұстаздан» тақырыбында челлендж (1-4, 5-8 сыныптар) |
Мұғалімдер күніне арналған челлендж |
Сынып жетекшілері, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы |
1 апта |
|
10 |
Ойынға салауатты көзқарас Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
Алдын алу іс-шаралары (лудоманияның алдын алу) |
Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тәрбие орынбасары |
1 апта |
|
11 |
Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
Алдын алу іс-шарасы |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп |
2 апта |
|
12 |
«Еңбегі адал - жас өрен» жобасы аясында «Күзгі асар» жәрмеңкесі (1-4 сыныптар) |
Жәрмеңке |
Сынып жетекшілері |
2 апта |
|
13 |
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында дебат (мектеп парламенті) |
Дебат хаттамасы, ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәлімгер, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы |
4 апта |
|
14 |
Республикам – мақтанышым! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
Республика күніне арналған жалпы мектепішілік іс-шара/сынып сағаты |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәлімгер |
4 апта |
|
15 |
Демалыста кітап оқимыз |
Кітапханашылар күніне арналған іс-шара |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, кітапханашы |
4 апта |
|
ҚАРАША – ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЙЫ 15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні 16 қараша – Халықаралық толеранттылық күні 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы 2. Бағыты: рухани-адамгершілік тәрбие |
||||
|
1 |
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»: үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру |
Асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б. спорттық ойындарының бейнежазбаларын әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі |
Күнделікті |
|
2 |
«Өнегелі 15 минут» |
Ата-ана мен баланың 15 минуттық жеке әңгімелесу |
Тәрбие ісінің орынбасары, ата-аналар |
Күнделікті |
|
3 |
«Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру |
Жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу |
Тәрбие ісінің орынбасары, сынып жетекшілер |
Күнделікті |
|
4 |
«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану |
Үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау |
Мектеп әкімшілігі |
Күнделікті |
|
5 |
«Менің Қазақстаным» ҚР Әнұранын орындау |
Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау |
Тәрбие ісінің орынбасары, сынып жетекшілер |
Аптаның бірінші күні |
|
6 |
«Апта дәйексөздері» оқу және оқудан тыс іс-әрекеттің лейтмотиві |
Мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастыру |
Тәрбие ісінің орынбасары, оқу ісінің орынбасары, кітапханашы |
Апта сайын |
|
7 |
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Мамандық күні» – презентациялар, тренингтер, кездесулер сынып сағаттары, мамандықтар жәрмеңкелеріне, экскурсиялар мен көрмелерге қатысу (9-11 сынып оқушылары) |
Іс-шаралар жоспары, бейнежазбаларды әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, педагог-профориентатор |
Айына бір рет |
|
8 |
«Шабыт» жобасы аясында «Мектеп театры» оқушыларына арналған қойылымдар (5-7 сыныптар)
|
Театр қойылымы, әлеуметтік желілерге жариялау |
Эстетикалық цикл пәндер мұғалімдері, /тілдік пәндер мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтері, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы |
1 апта |
|
9 |
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Білімімді Отаныма арнаймын» тақырыбында 3-4, 9-10 сынып оқушыларына арналған зияткерлік ойындар |
Зияткердік ойындардың әзірлемесі, хаттама, марапаттау, ақпаратты әлеуметтік желілерде жариялау |
Пән мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтері |
2 апта |
|
10 |
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында жазушы, қоғам қайраткерi, Кеңес Одағының батыры Мәлiк Ғабдуллиннiң 110 жыл толуына орай іс шара (15.11.1915–2.11.1973) |
Іс-шара жоспары, әлеуметтік желілерге жариялау |
Кітапханашы, тарих пәнінің мұғалімдері
|
2 апта |
|
11 |
«SMARTBALA» жобасы аясында 5-7 сынып оқушыларына арналған «Startup» байқауы, (хакотон, челлендж, инновациялық идеялар презентациясы және т.б.) |
Ереже, байқау қорытындысы, хаттама, марапаттау, ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялау |
Сынып жетекшілері мектептің өзін-өзі басқару ұйымы, информатика пәні мұғалімдері |
3 апта |
|
12 |
Өмірге салауатты қадам Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
Алдын алу іс-шарасы |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп |
4 апта |
|
13 |
«Балалар кітапханасы» аясында қазақтың тұңғыш романының авторы, ақын, публицист, мәдениет және қоғам қайраткерi Мiржақып Дулатовтың 140 жыл толуына орай іс шара (21.11.1885–05.10.1935) |
іс-шара жоспары, әлеуметтік желіге жариялау |
Кітапханашы, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері |
3 апта |
|
14 |
«Балалар кітапханасы» аясында жазушы, қазақ балалар әдебиетiнiң негiзiн салушы С.Бегалиннің 130 жыл толуына орай іс шара (24.11.1895–05.03.1983)
|
іс-шара жоспары, әлеуметтік желіге жариялау |
Кітапханашы, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері. |
4 апта |
|
|
«Балалар кітапханасы» аясында көрнектi ағартушы, тарихшы, публицист, лингвист, географ, музыка зерттеушi, археолог, этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жыл толуына орай іс шара (1835–1865) |
іс-шара жоспары, әлеуметтік желіге жариялау |
Кітапханашы, тарих пәнінің мұғалімдері. |
4 апта |
|
ЖЕЛТОҚСАН – БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ АЙЫ 5 желтоқсан – Дүниежүзілік Еріктілер күні 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы 3. Бағыты: ұлттық тәрбие 4. Бағыты: Отбасылық тәрбие |
||||
|
1 |
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру |
Асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б. спорттық ойындарының фото, бейнежазбаларын әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі |
Күнделікті |
|
2 |
«Өнегелі 15 минут» |
Ата-ана мен баланың 15 минуттық жеке әңгімелесуі |
Тәрбие ісінің орынбасары, ата-аналар |
Күнделікті |
|
3 |
«Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру |
Жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу |
Тәрбие ісінің орынбасары, сынып жетекшілер |
Күнделікті |
|
4 |
«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану |
Үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау |
Мектеп әкімшілігі |
Күнделікті |
|
5 |
«Менің Қазақстаным» ҚР Әнұранын орындау |
Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау |
Тәрбие ісінің орынбасары, сынып жетекшілер |
Аптаның бірінші күні |
|
6 |
«Апта дәйексөздері» оқу және оқудан тыс іс-әрекеттің лейтмотиві |
Мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастыру |
Тәрбие ісінің орынбасары, оқу ісінің орынбасары, кітапханашы |
Апта сайын |
|
7 |
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Мамандық күні» – презентациялар, тренингтер, кездесулер сынып сағаттары, мамандықтар жәрмеңкелеріне, экскурсиялар мен көрмелерге қатысу (9-11 сынып) |
Іс-шаралар жоспары, ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, педагог-профориентатор |
Айына бір рет |
|
8 |
«Қамқор» жобасы аясында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы. Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
Мектептегі/сыныптағы тазалықты қолдау акциясы |
Сынып жетекшілері |
1 апта |
|
9 |
«Жетістігімді еліме арнаймын» челленджі |
Челлендж |
Тәлімгер, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы |
2 апта |
|
10 |
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жыл толуына орай тарихи-әдеби кеш (8-10 сыныптар), кітап кейіпкерлері байқауы (5-7 сыныптар), кітап жәрмеңкесі (24.12.1910–10.06.1982). |
Іс-шара жоспары, бейнежазба, фото мен ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялау |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих, әдебиет пәндерінің мұғалімі, кітапханашы, сынып жетекшілер |
4 апта |
|
11 |
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында тақырыптық дебат өткізу (мектеп парламенті) |
Дебат хаттамасы, ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялау |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, дебат клубының жетекшілері, тәлімгер, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы |
3 апта |
|
12 |
Ойынға салауатты көзқарас Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
Алдын алу іс-шарасы (лудоманияның алдын алу шарасы) |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп |
3 апта |
|
ҚАҢТАР – ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП АЙЫ 1 қаңтар – Жаңа жыл 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы 1. Бағыты: қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
|
||||
|
1 |
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру |
Асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б. спорттық ойындарының фото, бейнежазбаларын әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі |
Күнделікті |
|
2 |
«Өнегелі 15 минут» |
Ата-ана мен баланың 15 минуттық жеке әңгімелесуі |
Тәрбие ісінің орынбасары, ата-аналар |
Күнделікті |
|
3 |
«Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру |
Жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу |
Тәрбие ісінің орынбасары, сынып жетекшілер |
Күнделікті |
|
4 |
«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану |
Үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау |
Мектеп әкімшілігі |
Күнделікті |
|
5 |
«Менің Қазақстаным» ҚР Әнұранын орындау |
Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау |
Тәрбие ісінің орынбасары, сынып жетекшілер |
Аптаның бірінші күні |
|
6 |
«Апта дәйексөздері» оқу және оқудан тыс іс-әрекеттің лейтмотиві |
Мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастыру |
Тәрбие ісінің орынбасары, оқу ісінің орынбасары, кітапханашы |
Апта сайын |
|
7 |
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Мамандық күні» – презентациялар, тренингтер, кездесулер сынып сағаттары, мамандықтар жәрмеңкелеріне, экскурсиялар мен көрмелерге қатысу (9-11 сынып) |
Іс-шаралар жоспары, ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, педагог-профориентатор |
Айына бір рет |
|
8 |
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Мамандықтар марафоны», «Өзіңді мамандықтар әлемінде тап» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына арналған ақпараттық кездесу (арнайы орта, ЖОО мамандарымен кездесу)
|
«Ш.Уәлиханов атындағы КУ» КЕАҚ-мен «Оқушылардың кіші академиясы» бірлескен жобасы, ТжКБ білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыстар |
Көркем еңбек, информатика, робототехника мұғалімдері |
Қаңтардың 2 аптасы |
|
9 |
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында 5-6 сынып оқушыларына арналған зияткерлік ойындар өткізу
|
Зияткерлік ойынның тәржімесі, марапаттау, әлеуметтік желіге жариялау |
Қосымша білім беру педагогтері |
Қаңтардың 3 аптасы |
|
10 |
«SMART BALA» жобасы аясында 7-8 сынып оқушыларына арналған «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты байқау өткізу |
Байқау өткізу, марапаттау, әлеуметтік желілерге жариялау |
Информатика, жаһандық құзыреттілік мұғалімдері |
Қаңтардың 4 аптасы |
|
АҚПАН – ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ АЙЫ 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні Ақпанның бірінші сейсенбісі – Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы
|
||||
|
1 |
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру |
Асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б. спорттық ойындарының фото, бейнежазбаларын әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі |
Күнделікті |
|
2 |
«Өнегелі 15 минут» |
Ата-ана мен баланың 15 минуттық жеке әңгімелесуі |
Тәрбие ісінің орынбасары, ата-аналар |
Күнделікті |
|
3 |
«Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру |
Жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу |
Тәрбие ісінің орынбасары, сынып жетекшілер |
Күнделікті |
|
4 |
«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану |
Үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау |
Мектеп әкімшілігі |
Күнделікті |
|
5 |
«Менің Қазақстаным» ҚР Әнұранын орындау |
Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау |
Тәрбие ісінің орынбасары, сынып жетекшілер |
Аптаның бірінші күні |
|
6 |
«Апта дәйексөздері» оқу және оқудан тыс іс-әрекеттің лейтмотиві |
Мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастыру |
Тәрбие ісінің орынбасары, оқу ісінің орынбасары, кітапханашы |
Апта сайын |
|
7 |
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Мамандық күні» – презентациялар, тренингтер, кездесулер сынып сағаттары, мамандықтар жәрмеңкелеріне, экскурсиялар мен көрмелерге қатысу (9-11 сынып) |
Іс-шаралар жоспары, ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, педагог-профориентатор |
Айына бір рет |
|
8 |
Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
Алдын алу іс-шарасы |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп |
1 апта |
|
9 |
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында тақырыптық дебат ойынын өткізу (мектеп парламенті) |
Дебат, ақпаратты әлеуметтік желіге жариялау |
Тәлімгер, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы |
1 апта |
|
10 |
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Шын жүректен кітап сыйла» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларына арналған челлендж |
Челлендж, ақпаратты әлеуметтік желіге жариялау |
Кітапханашы, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы |
2 апта |
|
11 |
Қауіпсіз қоғам Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
Алдын алу іс-шарасы |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп |
3 апта |
|
12 |
«SMART BALA» жобасы аясында «Startup» байқауын өткізу
|
Байқау |
Сынып жетекшілері Мектептің өзін-өзі басқару ұйымы |
3 апта |
|
13 |
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында қазақ поэзиясының алыбы, ақын, ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың 180 жыл толуына орай іс шара
|
Іс шара жоспары, әлеуметтік желілерге ақпарат |
Кітапханашы, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері
|
4 апта |
|
НАУРЫЗ – ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ПАТРИОТИЗМ АЙЫ 1 наурыз – Алғыс айту күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні 21, 22, 23 наурыз – Наурыз мерекесі 30 наурыз – Дүниежүзілік Жер күні
2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы 3. Бағыты: ұлттық тәрбие |
||||
|
1 |
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру |
Асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б. спорттық ойындарының фото, бейнежазбаларын әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі |
Күнделікті |
|
2 |
«Өнегелі 15 минут» |
Ата-ана мен баланың 15 минуттық жеке әңгімелесуі |
Тәрбие ісінің орынбасары, ата-аналар |
Күнделікті |
|
3 |
«Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру |
Жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу |
Тәрбие ісінің орынбасары, сынып жетекшілер |
Күнделікті |
|
4 |
«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану |
Үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау |
Мектеп әкімшілігі |
Күнделікті |
|
5 |
«Менің Қазақстаным» ҚР Әнұранын орындау |
Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау |
Тәрбие ісінің орынбасары, сынып жетекшілер |
Аптаның бірінші күні |
|
6 |
«Апта дәйексөздері» оқу және оқудан тыс іс-әрекеттің лейтмотиві |
Мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастыру |
Тәрбие ісінің орынбасары, оқу ісінің орынбасары, кітапханашы |
Апта сайын |
|
7 |
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Мамандық күні» – презентациялар, тренингтер, кездесулер сынып сағаттары, мамандықтар жәрмеңкелеріне, экскурсиялар мен көрмелерге қатысу (9-11 сынып) |
Іс-шаралар жоспары, ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, педагог-профориентатор |
Айына бір рет |
|
8 |
Ойынға салауатты көзқарас Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
Алдын алу іс-шарасы |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп |
Наурыздың 1 аптасы |
|
9 |
«Шабыт» жобасы аясында халықаралық әйелдер күніне арналған «Ананың аялы алақаны» тақырыбында челленджі (1-4, 5-8 сынып оқушылары) |
Челлендж ( құттықтау, ән, өлең жолдарын арнау т.б.), әлеуметтік желілерге жариялау |
Сынып жетекшілері Мектептің өзін-өзі басқару ұйымы |
Наурыздың 2 аптасы |
|
10 |
«Шабыт» жобасы аясында «Ұлттық мәдениет» көрмесі |
Көрме, әлеуметтік желілерге жариялау |
Көркем еңбек мұғалімдері, сынып жетекшілері мектептің өзін-өзі басқару ұйымы |
Наурыздың 2 аптасы |
|
11 |
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай «Наурызнама-2025» тақырыбында онкүндіктің іс шаралары |
Іс-шаралар жоспары, ақпаратты әлеуметтік желіге жариялау |
ДТЖО, ұйымдастырушы-педагог, ҚББП / үйірме жетекшісі/ |
Наурыздың 2 аптасы |
|
12 |
Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – парызың!» тақырыбында арналған іс шаралар |
Анықтама, ақпаратты әлеуметтік желіге жариялау |
ДТЖО, ұйымдастырушы-педагог, ҚББП, тәлімгер |
|
|
13 |
«Шабыт» жобасы аясында «Мектеп театры» ұйымдастырып өткізу |
Театр қойылымы, әлеуметтік желілерге жариялау |
Эстетикалық цикл пәндер мұғалімдері,/тілдік пәндер мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтері, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы |
Наурыздың 3 аптасы |
|
СӘУІР – ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІК АЙЫ 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні 12 сәуір – Ғылым күні 15 сәуір – Халықаралық мәдениет күні 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні 23 сәуір – Ұлттық кітап күні
2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы 8. Бағыты: дене тәрбиесі, салауатты өмір салты |
||||
|
1 |
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»: үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру |
Асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б. спорттық ойындарыың фото, бейнежазбаларын әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі |
Күнделікті |
|
2 |
«Өнегелі 15 минут» |
Ата-ана мен баланың 15 минуттық жеке әңгімелесу |
Тәрбие ісінің орынбасары, ата-аналар |
Күнделікті |
|
3 |
«Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру |
Жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу |
Тәрбие ісінің орынбасары, сынып жетекшілер |
Күнделікті |
|
4 |
«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану |
Үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау |
Мектеп әкімшілігі |
Күнделікті |
|
5 |
«Менің Қазақстаным» ҚР Әнұранын орындау |
Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау |
Тәрбие ісінің орынбасары, сынып жетекшілер |
Аптаның бірінші күні |
|
6 |
«Апта дәйексөздері» оқу және оқудан тыс іс-әрекеттің лейтмотиві |
Мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастыру |
Тәрбие ісінің орынбасары, оқу ісінің орынбасары, кітапханашы |
Апта сайын |
|
7 |
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Мамандық күні» – презентациялар, тренингтер, кездесулер сынып сағаттары, мамандықтар жәрмеңкелеріне, экскурсиялар мен көрмелерге қатысу (9-11 сынып) |
Іс-шаралар жоспары, ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, педаго-профориентатор |
Айына бір рет |
|
8 |
Өмірге салауатты қадам Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
Алдын алу іс-шарасы |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп |
2 апта |
|
9 |
Қоғамдық мүлікті қорға! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
Алдын алу іс-шарасы |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп |
4 апта |
|
10 |
«Қамқор» жобасы аясында 9,11 сынып оқушыларына арналған «Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі |
Челлендж туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялау |
Сынып жетекшілері Мектептің өзін-өзі басқару ұйымы |
4 апта |
|
11 |
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында дебат өткізу |
Мектеп дебаты |
Тәлімгер, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы |
3 апта |
|
12 |
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы шеңберінде «Атадан-өсиет, анадан қасиет» 1-4, 5-6 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған шеберлік сынып («Даналық мектебі» мүшелері) |
Шеберлік сынып, әлеуметтік желілерге жариялау |
Сынып жетекшілері / педагог-психологтер |
2 апта |
|
МАМЫР – БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ АЙЫ 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні 9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні 18 мамыр – Халықаралық мұражайлар күні 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
|
||||
|
1 |
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»: үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру |
Асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б. спорттық ойындарыың фото, бейнежазбаларын әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі |
Күнделікті |
|
2 |
«Өнегелі 15 минут» |
Ата-ана мен баланың 15 минуттық жеке әңгімелесуі |
Тәрбие ісінің орынбасары, ата-аналар |
Күнделікті |
|
3 |
«Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру |
Жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу |
Тәрбие ісінің орынбасары, сынып жетекшілер |
Күнделікті |
|
4 |
«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану |
Үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау |
Мектеп әкімшілігі |
Күнделікті |
|
5 |
«Менің Қазақстаным» ҚР Әнұранын орындау |
Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау |
Тәрбие ісінің орынбасары, сынып жетекшілер |
Аптаның бірінші күні |
|
6 |
«Апта дәйексөздері» оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві |
Мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастыру |
Тәрбие ісінің орынбасары, оқу ісінің орынбасары, кітапханашы |
Апта сайын |
|
7 |
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Мамандық күні» – презентациялар, тренингтер, кездесулер сынып сағаттары, мамандықтар жәрмеңкелеріне, экскурсиялар мен көрмелерге қатысу (9-11 сынып) |
Іс-шаралар жоспары, ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, педагог-профориентатор |
Айына бір рет |
|
8 |
«Шабыт» жобасы аясында «Әншуақ» фестивалін өткізу |
Фестиваль туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялау |
Қосымша білім беру мұғалімдері |
|
|
9 |
Отан қорғаушылар күніне орай «Шабыт» жобасы аясында 8-10 сынып оқушыларына арналған «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі |
Фестиваль туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялау |
АӘДТ пән мұғалімдері, музыка пәнінің мұғалімдері, сынып жетекшілері, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы |
2 апта |
|
10 |
Қауіпсіз қоғам Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
Алдын алу іс-шарасы |
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп |
3 апта |
|
11 |
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында Отбасы күніне арналған «Отбасылық дәстүрлер» апталығы (презентация, бейнежазба, сайыс және т.б.) |
Өткізгендігі туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, АПҚО жауапты сынып жетекшісі |
3 апта |
|
12 |
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында Отбасы күніне арналған «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбанда әкелерге арналған шебер сынып өткізу |
Өткізгендігі туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, АПҚО жауапты сынып жетекшісі |
4 апта |
|
МАУСЫМ |
||||
|
1 |
Балаларды қорғау күніне орай ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында «Балаларды қорғау күні» акциясы |
Өткізгендігі туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялау |
Тәрбие ісінің орынбасары, АПҚО жауапты сынып жетекшісі |
1 маусым |
|
2 |
«Домбыра Party» челлендж |
Анықтама, әлеуметтік желіге жариялау |
ДТЖО, ұйымдастырушы-педагог, ҚББП / үйірме жетекшісі/ |
|
|
3 |
Балаларды жазғы сауықтыру орталықтарын ұйымдастыру |
ақпаратты әлеуметтік желілерге жариялау |
Білім беру ұйымдары |
Жаз айлары |
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
1. «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
3. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 26 желтоқсан 2011 жыл;
4. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы;
5. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;
6. «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі №169VI Заңы;
7. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы №525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.
9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 12 маусымдағы №248 бұйрығымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы;
10. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі №294
11. «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру туралы бұйрығы (30 шілде 2024 ж № 194)
12. Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша нұсқаулық. Алматы 2023
13. Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығы.
14. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
15. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы.
16. "Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрығы
17. «Қазіргі жағдайда (заманауи) сынып сағаттарын ұйымдастыру» Әдістемелік ұсынымдар. – Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2022 -116 б.
18. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың тәртіп бұзушылығы кезінде әрекет ету алгоритмі – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022. – 43 б.
19. Жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін оқыту бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2022. – 42 б.
20. Орта білім беру ұйымдарында жаңа форматтағы ата-аналар жиналысын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2022. – 67 б
21. Темекі шегудің алдын алу бойынша әдістемелік ұсынымдар – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022. – 41 б.
22. «Орта білім беру ұйымдарында Республика күнін өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар» – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2022. – 30 б.